Өзгерістер табалдырығында: 5-сыныпқа дайындаламыз!
Бастауыш мектептен орта буынға өту — әр бала өміріндегі маңызды әрі толқытатын кезең. Осыған орай 24 сәуір күні 4-сынып оқушыларына «Мен енді өстім» атты психологиялық тренинг өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар:
• бір-бірімен «қолдау желісін» құрып, болашақта табысты 5-сынып оқушысы болуға көмектесетін қасиеттерімен бөлісті;
• қорқыныштарымен жұмыс жасады: «қара жәшікке» жаңа кабинеттер мен мұғалімдерге қатысты алаңдаушылықтарын «жасырса», «ақ жәшікке» алдағы өзгерістерге деген қызығушылық пен қуанышын орналастырды;
• бір-бірін сөзсіз түсінуді үйреніп, жаңа мұғалімдермен танысуға қажетті қарым-қатынас дағдыларын дамытты;
• ішкі ресурстарын анықтап, әрқайсысы өз күш-қуаты мен жауапкершілігінің символын жасады.
Кездесу маңызды рәсім — «Күш шеңберімен» аяқталды. Бастауыш мектеп түлектері сенімді түрде: «Біз дайынбыз!» — деп мәлімдеді.
Алда — жаңа білім әлемі, және біз оған бір тату команда болып қадам басамыз!





