Сабақтастық бойынша іс-шаралар онкүндігі жоспарына сәйкес 4-сыныпта қазақ тілі пәні мұғалімі Фазлиева Ж.Т. «Қазақ отбасындағы дәстүрлер» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты — оқушыларға қазақ отбасындағы дәстүрлер туралы түсінік қалыптастыру, қазақ тілінде коммуникативтік дағдыларын дамыту, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен құндылықтарға құрмет тәрбиелеу болды.
Сабақ барысында оқушылар отбасылық дәстүрлермен танысып, тақырыпты түсіну мен талқылауға арналған түрлі тапсырмаларды орындады, топпен жұмыс жасап, белсенділік пен қызығушылық танытты. Сөйлеу, ойлау және дербестікті дамытуға бағытталған заманауи оқыту әдістері қолданылды.
Сабақ жоғары деңгейде өтіп, қойылған мақсаттарға қол жеткізілді. Оқушылар жақсы білім деңгейін көрсетіп, қазақ тілін үйренуге деген қызығушылықтарын танытты.
Согласно плану декады мероприятий по преемственности в 4 классе учителем казахского языка Фазлиевой Ж.Т. был проведён открытый урок на тему: «Қазақ отбасындағы дәстүрлер».





