Сабақтастық бойынша іс-шаралар онкүндігі аясында 4-сыныпта ата-аналардың қатысуымен «Біз спортпен өте доспыз» тақырыбында спорттық эстафета ұйымдастырылып, өткізілді.
Іс-шара мектеп пен отбасы арасындағы өзара байланысты нығайтуға, ата-аналардың салауатты өмір салтына қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ командалық рух пен бірлікті дамытуға бағытталды. Ата-аналар әртүрлі сайыстар мен эстафеталарға белсене қатысып, ептілік, жылдамдық және бір-біріне қолдау көрсетті. Мереке жылы әрі достық атмосферада өтіп, қатысушыларға сергектік сыйлап, жағымды эмоциялар мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.





