Сабақтастық бойынша іс-шаралар онкүндігі аясында 26 сәуір күні 4-сыныпта Шарыпов И.С. «Тарих – ғылым» тақырыбында тарих пәнінен ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты — оқушыларға тарихтың ғылым ретіндегі мәні, маңызы және қоғам өміріндегі рөлі туралы бастапқы түсінік қалыптастыру болды. Сабақ барысында оқушылар «тарих» ұғымымен танысып, тарихшылардың кім екенін және олардың немен айналысатынын білді, сондай-ақ өткенді зерттеуге көмектесетін дереккөздер туралы мәлімет алды.
Сабақ белсенді әрі танымдық атмосферада өтті. Оқушылар талқылауларға қатысып, тапсырмаларды орындап, топпен жұмыс жасап, қызығушылық пен ізденімпаздық танытты. Көрнекі құралдар мен интерактивті әдістерді қолдану тақырыпты жақсы меңгеруге ықпал етті.
Өткізілген сабақ пәнге деген танымдық қызығушылықты қалыптастыруда және оқушыларды орта буынға дайындауда маңызды кезең болды.





