ҚРОқуАғартуМинистрлігі
#БалаларКітапханасы
#ҰлттықКітапКүні
#РеспубликалықҒылымиПедагогикалықКітапхана
#Онкүндік
#АдалАзамат
«Балалар әдебиеті — рухани даму көзі» атты онкүндік жоспарына сәйкес 8-сынып оқушыларымен «Гаджеттер және рухани даму» тақырыбында пікірталас өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар заманауи технологиялардың адамның ішкі әлеміне, құндылықтарына және адамгершілік дамуына әсерін талқылады. Оқушылар өз ойларын айтып, «жақтаймын» және «қарсымын» деген пікірлерін дәлелдермен жеткізіп, гаджеттердің күнделікті өмірдегі рөлін саралады.
Ерекше назар рухани құндылықтарды сақтау, кітап оқудың маңызы және цифрлық дәуірдегі тікелей қарым-қатынастың рөліне аударылды. Пікірталас белсенді түрде өтіп, оқушылардың сыни ойлауын дамытуға, өз көзқарасын дәлелдей білуге және өзгелердің пікірін құрметтеуге ықпал етті.





