Қолдау — бұл супер күш!
«Мектеп – сенім аумағы» психологиялық әл-ауқат апталығының жоспарын жүзеге асыру аясында 6 сәуір күні 5–6 сынып оқушыларымен «Қолдау қасыңда» атты экспресс-тренинг өткізілді.
Бар болғаны 20 минут, бірақ қаншама маңызды жаңалықтар! ?
Көбіне біз досқа көмектесу үшін міндетті түрде күрделі кеңес беру немесе оның мәселесін шешіп беру керек деп ойлаймыз. Алайда бүгін біз қасымызда болудың үш қарапайым, бірақ маңызды жолын үйрендік:
Сөз арқылы (жай ғана: «Саған қиын болғанына өкінішті» деп айту);
Әрекет арқылы (бірге ойнауды немесе көңіл бөлуді ұсыну);
Тыныштық арқылы (жанында отырып, «сен жалғыз емессің» екенін сездіру). Соңғы «Күш шеңбері» және ортақ қол алысу бізге бір нәрсені еске салды: сыныпта «жалғыз» адам жоқ, біз — бір командамыз. Оқушыларымыздың бір-бірін сезіне білу қабілетіне мақтанамын





