КММ «Нижнеборлық Мектеп - бөбекжай – бақша кешені»
Ресми интернет-ресурс

#Неделя_позитивных_отношений #Адал_азамат #Территория_уверенности_и_благополучия Позитивті қарым-қатынас апталығы аясында сыйластыққа, мейірімділікке және саналы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Қысымсыз қарым-қатынас» атты сабақ өткіз

Previous Next

#Неделя_позитивных_отношений #Адал_азамат #Территория_уверенности_и_благополучия

Позитивті қарым-қатынас апталығы аясында сыйластыққа, мейірімділікке және саналы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Қысымсыз қарым-қатынас» атты сабақ өткізілді.

«Басқаша айт» жаттығуында қатысушылар жағымсыз сөздерді жағымды әрі қолдау көрсететін сөздерге айналдыруды үйреніп, экологиялық қарым-қатынас дағдыларын дамытты.

«Жанжалсыз диалог» жаттығуы барысында білім алушылар түрлі қарым-қатынас жағдайларын қарастырып, даулы мәселелерді сабырлы әрі сыйластыққа негізделген диалог арқылы шешу жолдарын іздеді.

Сондай-ақ қолдау көрсету мен жылы сөздер айтуға ерекше көңіл бөлінді. «Әрқайсысына бір қолдау сөзі» жаттығуында қатысушылар бір-біріне ізгі тілектер мен қолдау сөздерін арнады.

Сабақ конструктивті диалог жүргізу дағдыларын дамытуға ықпал етті.

Записаться на прием