#Неделя_позитивных_отношений #Адал_азамат #Территория_уверенности_и_благополучия
«Қолдауда күш бар» позитивті қарым-қатынас апталығының жоспарына сәйкес 5–8 сынып оқушыларымен «13 мамыр — Эмоциялар әлемі» атты тақырыптық күн өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар эмоционалдық интеллектті дамытуға, сезімдерді ажырата білуге және айналасындағы адамдардың эмоционалдық жағдайын түсінуге бағытталған «Эмоцияны тап» жаттығуына қатысты. Оқушылар мимика мен қимыл-қозғалыс арқылы түрлі эмоцияларды қызығушылықпен көрсетіп, өз сезімдерін білдіруді және бір-біріне қолдау көрсетуді үйренді.
Өткізілген іс-шара мектеп ұжымында достық атмосфера қалыптастыруға, қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға және жағымды қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті.





