Мектептегі қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында қызметкерлер мен білім алушыларға төтенше жағдайлар, соның ішінде террористік сипаттағы жағдайлар туындаған кезде әрекет ету алгоритмі бойынша оқыту өткізілді.
Жаттығу барысында келесі мәселелер пысықталды:
- ТЖ туындаған кездегі негізгі қауіпсіздік ережелері;
- Эвакуация тәртібі;
- Күдікті заттар анықталған кездегі және террористік қауіп жағдайындағы іс-қимылдар.
Оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Барлық қатысушылар үйлесімді әрекет, тәртіптілік және жедел әрекет етуге дайындық көрсетті.
Жаттығу бекітілген жоспарға сәйкес ұйымдасқан түрде өтті. Мұндай іс-шаралар ұжымның төтенше жағдайларда шұғыл және үйлесімді әрекет ету дайындығын арттыруға ықпал етеді.





