Дүниежүзілік денсаулық күні аясында 5–10 сынып оқушыларымен «Салауатты өмір салты — табысты болашақтың негізі» тақырыбында сабақтар өткізілді.
Мақсаты: оқушыларды гигиена негіздерімен, күн тәртібімен, дұрыс тамақтанумен, сондай-ақ ұйқы мен демалыстың денсаулыққа маңызымен таныстыру.
Салауатты өмір салты қарапайым, бірақ өте маңызды қадамдардан басталады — қол жуу, тісті тазалау, дұрыс тамақтану және уақытылы демалу. Өзімізге қамқорлық жасай отырып, біз салауатты болашақты қалыптастырамыз!





