Біздің мектепте 1-11 сыныптар аралығында "1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күні"тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Іс-шараның мақсаты - Оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін, Қазақстанда тұратын барлық халықтардың ұлттық дәстүрлері мен мәдениетін құрметтеуді қалыптастыру.
Сынып сағаттары барысында балалар мерекенің тарихы, халықтар арасындағы бірлік пен достықтың мәні туралы білді, тақырыптық әңгімелерге, викториналар мен шығармашылық тапсырмаларға қатысты.
Оқушылар белсенділік танытып, әртүрлі ұлттардың мәдениеті туралы білімдерімен бөлісті.
Бірлік күні баршамызға Қазақстанның күші — оның халқының сан алуандығы мен келісімінде екенін еске салады!