19 наурыз – Жаңару күні
19 наурыз күні мектебімізде Наурызнама онкүндігі аясында Жаңару күніне арналған «Наурыз – өмірдің бастауы» атты іс-шара өтті.
Оқушылар гүлдер мен көкөністердің тұқымдарын отырғызуға қызығушылықпен қатысып, бұл игі іске қамқорлық, ынта және жақсы көңіл-күймен атсалысты.
Өсімдіктерді отырғызу көктемнің, үміттің және жақсы өзгерістердің символына айналды.





