#Адал_азамат #СкворечникДляПтиц #ҚұстарғаҚамқорлық
#ЭкологиялықТәрбие #ТабиғаттыАяла #ЗаботаОПрироде
КММ «Нижнеборлық мектеп-бөбекжай-бақша кешені» ұйымының мектепке дейінгі топ тәрбиеленушілері Құстар күніне арналған акцияға қатысты.
Балабақшада қоршаған ортамен таныстыру сабақтары, сурет салу және аппликация жұмыстары өткізілді. Сонымен қатар, құстарға арналған ұялар тазартылып, жемсалғыштар ілінді.
Аталған іс-шараға барлық педагогтар мен тәрбиеленушілер белсене қатысты. Тәрбиеленушілердің ата-аналары да шет қалмай, жаңа жемсалғыштар мен ұялар әкеліп, құстарға арналған жем ұсынды.





