#Адал_азамат
#Наурызнама
КММ «Нижнеборлық мектеп бөбекжай бақша кешені» ұжымында 14 наурыз — Көрісу күні мерекесінің алғашқы күні қуанышпен қарсы алынды.
Оқушылар бір-бірімен амандасып, жылы сөздер айтып, ізгі тілектерін білдірді. Іс-шара барысында ұлттық дәстүрлермен танысып, көктем мерекесінің мәні мен маңыздылығы туралы білді.
Мерекелік шара балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың бойында достық пен өзара құрметті қалыптастыруға ықпал етті.





