КММ «Нижнеборлық Мектеп - бөбекжай – бақша кешені»
Ресми интернет-ресурс

Адал_азамат 22 мамыр күні мектепте оқу жылының аяқталуы және жазғы демалыс кезеңінде оқушылардың қауіпсіз демалысын ұйымдастыру мәселелеріне арналған сыныптық ата-аналар жиналыстары өткізілді. Жиналыс барысында сынып жетекшілері ата-аналарды оқу жылының қ

Previous Next

Адал_азамат

22 мамыр күні мектепте оқу жылының аяқталуы және жазғы демалыс кезеңінде оқушылардың қауіпсіз демалысын ұйымдастыру мәселелеріне арналған сыныптық ата-аналар жиналыстары өткізілді.

Жиналыс барысында сынып жетекшілері ата-аналарды оқу жылының қорытындыларымен таныстырып, оқушыларға жазғы кезеңде оқуға арналған көркем әдебиеттер тізімі берілетінін хабарлады. Демалыс уақытында кітап оқу оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге, сауаттылығын дамытуға және білімге деген қызығушылығын сақтауға ықпал ететіні атап өтілді.

Сондай-ақ жиналыста жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ата-аналармен балалардың көшеде, су айдындарының маңында, жолда, қоғамдық орындарда және интернет желісінде қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы әңгіме жүргізілді.

Сонымен қатар ата-аналарға жаз мезгілінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және олардың қауіпсіздігін үнемі бақылауда ұстау қажеттігі еске салынды.

Записаться на прием