3 қазан күні мектебімізде Мұғалімдер күніне арналған «Дублерлер күні» өтті. Мерекенің мақсаты: жеке тұлғаның өзін-өзі іске асыруына жағдай жасау, тәуелсіздік пен сенімділік тәрбиелеу, тапсырылған істі жауапкершілікпен орындау, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту және мұғалім мамандығын насихаттау.
8-10 сынып оқушылары педагог рөлін байқап көріп, ерекше сабақтарға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Балалар сабақ өткізіп, әкімшілік құрамына кіріп, мектептегі түрлі «мәселелерді» шешті.
Күн салтанатты жиынмен басталып, дублер мұғалімдер тағайындалды. Содан кейін оқушылар мұғалімдердің басшылығымен сабақтарды кестеге сәйкес өткізді.
Күн соңында педагогикалық кеңес ұйымдастырылып, оқушылар өткен күн туралы әсерлерімен бөлісті. Кейін мектеп парламентінің оқушылары мұғалімдер мен дублерлерге арналған мерекелік концерт ұйымдастырды.





