КММ «Нижнеборлық Мектеп - бөбекжай – бақша кешені»
Ресми интернет-ресурс

2026 жылғы 22 мамыр күні 1–10 сынып оқушыларына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жантасова Н.Ш. «Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында нұсқаулық өткізді. Іс-шараның мақсаты — оқушыларға жазғы кезеңдегі қауіпсіздік талаптары

Previous Next

2026 жылғы 22 мамыр күні 1–10 сынып оқушыларына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жантасова Н.Ш. «Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында нұсқаулық өткізді.

Іс-шараның мақсаты — оқушыларға жазғы кезеңдегі қауіпсіздік талаптарын түсіндіру, төтенше жағдайлардың алдын алу және жеке қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.

Сынып сағаты барысында өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік және жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелері қарастырылды. Оқушыларға қауіпті жағдайларда өзін ұстау ережелері, жазғы демалыс кезінде мұқият әрі сақ болу қажеттілігі, сондай-ақ тұрмыста және көшеде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау маңыздылығы еске салынды.

Іс-шара соңында білім алушылар қауіпсіздік ережелерін сақтау өмір мен денсаулықты сақтаудың кепілі деген қорытындыға келді.

Записаться на прием