14 сәуір күні 8–10 сынып оқушыларымен «Ашық әңгіме: Ерте жүктіліктің салдары» тақырыбында пікірлесу өтті.
Насихатсыз және «сүзгісіз» форматта оқушылармен өмір шындығы талқыланды:
Мифтер мен шындық: әлеуметтік желілердегі әдемі көрініс пен шынайы өмірдің айырмашылығы.
Еркіндіктің құны: ерте ата-ана болудың оқуына, болашақ мамандығына және жеке шекараларына әсері.
Саналы таңдау: болашақты жоспарлау және өз ресурстарын бағалау.
Маңызды тақырыптар ашық, шынайы және тең дәрежеде талқыланды





